Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін 7 қараша күні Майами қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін 7 қараша күні Майами қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшы кәсіби бокстағы 20-шы жекпе-жегін мексикалық Алексис Камачоға қарсы өткізеді. Айта кетейік, Алексис Камачо бұған дейін 26 жекпе-жек өткізген. Ол оның 21-інде жеңіске жетіп, бесеуін жеңіліспен аяқтады.
Boxrec.com сайтының хабарлауынша, кездесу тоғыз раундтан тұрады, бұл жекпе-жек сол кештегі ең маңыздысы болмақшы.
Еске сала кетейік, 31 жастағы Қанат Ислам кәсіби рингте 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Fedelatin титулына иелік етеді. Соңғы кездесуінде ол колумбиялық Орландо де Хесус Эстраданы нокаутпен жеңді.