20 ақпан 2015 | 16:49

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. ©alaman.kz. Қанат Ислам. ©alaman.kz.

Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның демеушісі, қазақстандық меценат Бауыржан Оспанов 30 жастағы спортшының келесі жекпе-жегі қай кезде өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның демеушісі, қазақстандық меценат Бауыржан Оспанов 30 жастағы спортшының келесі жекпе-жегі қай кезде өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қанат Ислам қазір Америкада жаттығып жатыр. Оның келесі жекпе-жегі 23 наурызға жоспарланды. Қарсыласы анықталған жоқ. Ол WBC бокс ұйымы рейтингінің жоғары орнында келе жатыр. Енді бір жекпе-жек, одан кейін ол үздік бестікке кіреді. Спортшы мен оның командасында ешқандай қаржылық проблема жоқ", - деді Оспанов.

Айта кетейік, жекпе-жек Доминикан Республикасында, Колумбияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Қанат Ислам кәсіпқой алаңдағы жекпе-жектерінің барлығын шетелде өткізді - Эквадор, Колумбия және Доминикан Республикасы. Алайда оның промоутері кіші Нельсон Лопез Қанат Исламның жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеді.

Қанат Ислам кәсіпқой рингте 18 рет жекпе-жекке шыққан WBA Fedelatin титулының иегері. Оның бірінші орта салмақ бойынша WBC International Silver титулына таласуға мүмкіндігі болды және оның қарсыласы ретінде аргентиналық Гуидо Николас Питто шығуы тиіс еді, бірақ бұл жекпе-жек болмай қалды. Ол жөнінде толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети