Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Исламның (25-0, 20 КО) емделуіне қатысты мән-жай белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Исламның (25-0, 20 КО) емделуіне қатысты мән-жай белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Қанат Ислам WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін рингке шыққан жоқ. Жекпе-жек 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткен еді.
"Ислам үш апта оңалту орталығында емделеді. Былтыр жаздағы спарринг кезінде аяғы тайып кетіп, сіңірін үзіп алған. Мұндай жарақат ұзақ емделеді.
Дәрігерлер қазір Исламға бірден реабилитация жасау керек болғанын айтады. Ол біраз жүріп қалған. Осы уақытқа дейін сол аяғының бұлшық еті бүріліп, кішірейіп кеткен. Енді осы аяғының сіңірін жазып, бұлшық етін де өсіру керек. Бәрі сәті болып жатса, рингке екі-үш айдан кейін шыға алады. Исламның өзі мамыр айында АҚШ-та жұдырықтасқысы келеді", - деп атап өтті мәлімет көзі.
Мұның алдында америкалық boxrec.com сайтында қазақстандық боксшының "белсенді емес" екені көрсетілгеніне байланысты боксшы карьерасын тоқтатты ма деген сұрақтар туындаған. Алайда WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері бұл ақпаратты растамады.