09 қазан 2020 17:02

Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роджер Ромо. Сурет: instagram.com/roger_romo© Роджер Ромо. Сурет: instagram.com/roger_romo©

Орта салмақта өнер көрсететін Қанат Исламның (27-0, 21 КО) бапкері Роджер Ромо Vesti.kz тілшісіне отандасымыздың қазан айына жоспарланған кездесуі неге кейінге шегерілгенін айтты. Сондай-ақ ол боксшының енді шаршы алаңға қашан оралатынын хабарлады.


Орта салмақта өнер көрсететін Қанат Исламның (27-0, 21 КО) бапкері Роджер Ромо Vesti.kz тілшісіне отандасымыздың қазан айына жоспарланған кездесуі неге кейінге шегерілгенін айтты. Сондай-ақ ол боксшының енді шаршы алаңға қашан оралатынын хабарлады.

"Дайындық жақсы жүріп жатыр. Ол қазір Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында KO Addiction спортзалында дайындалып жатыр. Әр-түрлі қарсыластармен спарринг өтізіп жатырмыз. Бірақ олардың атын айта алмаймын. Иә, оның жекпе-жегі кейінге шегерілді. Оған себеп - қарсылас. Қазіргі жағдайда қарсылас табу қиын болып тұр. Келесі кездесуін ол желтоқсан немесе қаңтарда өткізетін шығар. 

Менің ойымша, Қанат үлкен жекпе-жектерге дайын. Оның өзі мықты боксшылардың бірімен кездескісі келеді. Бір кездесу өткізіп алайық. Содан соң мықты қарсыластарға шығамыз. Ислам керемет боксшы. Өте ақылды әрі тәжірибелі. Бұрын ол өзінің қара күшіне қатты сенетін. Қазір енді ақылмен жұдырықтастатын болды", - дейді Рома. 

Айта кетейік, BoxRec порталының ақпараты бойынша, Исламның келесі кездесуі 16 қазанда өтуі керек болған. Әу баста отандасымыздың қарсыласы 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болуы керек еді. Бірақ ол екінші бір отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен (8-0, 4 КО) шығатын болды. Кейін Қанат Ислам 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу керек болатын. Бірақ ол виза мәселесіне байланысты АҚШ-қа келе алмай қалды. 

Жалпы Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Ол соңғы рет 2019 жылы 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквамен кездесіп, WBO International белбеуін жеңді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети