31 тамыз 2017 | 09:58

"Канело" 49 жекпе-жек өткіземін деп біраз шаршап қалды - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) жасы оның басымдығы болып саналмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) жасы оның басымдығы болып саналмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, 27 жастағы Альварес Головкинге қарағанда спорттық мансабында көп жекпе-жек өткізген және ол оның денесіне кері әсерін береді.

"Естеріңізде болсын, Головкин Альвареске қарағанда кәсіпқой бокста аз жекпе-жек өткізді және оның кездесулері ұзаққа созылмайды. Сол себепті Альварес Головкинге қарағанда біраз жүдеген. Кәсіпқой бокста "Канело" 49 кездесу өткізді, ал Головкин 37 рет жұдырықтасты. Кәсіпқой боксқа ол 2006 жылы ауысты, ал Альварес одан ерте көшті. Осы бізге көмек болады", - деп жазады BoxingScene.com порталы Санчестің сөзін. 

Осыған дейін бапкер Головкиннің белбеулерін оңайлықпен бермейтінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол қазақстандықтың көзінен ұшқын көргенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети