07 қараша 2017 15:30

"Канело" алдағы екі аптаның ішінде Головкинмен өтетін екінші кездесудің келісімшартына қол қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына бокс кешіне келушілер саны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына бокс кешіне келушілер саны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының директоры Эрик Гомес мекикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстанды Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) арасындағы екінші кездесу туралы келіссөздер қалай өтіп жатқанын айтып берді.

"Қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Барлығы жақсы жүріп жатыр. Бірақ ұсақ-түйек дүниелер бар. Сол мәселелерді шешу керекпіз. Алдағы бір-екі аптаның ішінде біз "Канеломен" кездесіп, алдын ала жасалған келісімшарттың үлгісін көрсетеміз. Ары қарай соңғы шешімді Альварестің өзі шешеді", - дейді Гомес ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети