"Канело" DAZN мен Golden Boy-дан кетті. Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" DAZN мен Golden Boy-дан кетті. Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады? © Тұрар Қазанғапов

Беделді инсайдер Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беделді инсайдер Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның айтуынша, кездесу 18 немесе 19 желтоқсанға жоспарланған, АҚШ-та өтеді, жекпе-жекті DAZN көрсетеді. Коппинджер Головкиннің көктемде маңызды жекпе-жектерге үміт арта алатынын да айтады.

"Дереккөздер: Геннадий Головкиннің титулын қорғап қалу үшін Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ-та DAZN-де өтеді. Стриминг қызмет GGG үшін бұл мәселені шешкеннен кейін, ол 2021 жылдың көктемінде маңызды жекпе-жектерге үміт арта алады", - деп жазды Коппинджер Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, Головкин қарашада IBF бойынша міндетті үміткерге қарсы жекпе-жек өткізуі керек. Алайда поляк боксшының промоутері Анджей Василевски кездесу кейінге шегерілгенін мәлімдеді.

Головкин соңғы рет рингке 2019 жылдың қазанында Нью-Йоркте (АҚШ) шыққан болатын. Ол украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі бос атаққа ие болды. Осы шоу аясында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети