"Канело" допинг ісіне қатысты тыңдау алдында операция жасатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" допинг ісіне қатысты тыңдау алдында операция жасатты © Instagram.com/canelo

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес өзінің туған қаласы Гвадалахарадағы жекеменшік емханаға жатты. Бұл туралы Vesti.kz порталы Publimetro басылымына сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес өзінің туған қаласы Гвадалахарадағы жекеменшік емханаға жатты. Бұл туралы Vesti.kz порталы Publimetro басылымына сілтеме жасап хабарлады.

14 сәуірде Альварестің тізесіне атроскопия жасалды. Бұл операцияны жасау кезінде аяқ екі жерін тілініп, сол арқылы кішкентай камера жіберіледі және соның көмегімен дәрігер айтарлықтай аз ғана болған зақымның өзін анықтай алады және емдейді. Бұл процедура тегіршік пен сіңірдің зақымдануы кезінде жасалады.

Операция жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде жасалды, ол келесі күні үйіне жіберіледі. Кей жағдайларда атроскопиядан кейін біраз уақыт балдақпен жүру керек болады.

Келесі аптада Альварестің ісі бойынша тыңдау өтеді. Ол екі рет допинг-тесттен өтпей қалған болатын. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтты. Алайда наурызда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны уақытша шеттетті. Альварес болса 3 сәуірде Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.

Тыңдау 18 сәуірде өтеді. Ол телефон арқылы тергеледі немесе Лас-Вегаста NSAC сұрақтарына жауап береді. Егер ол өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаса, бір жылға дейін дисквалификациялануы мүмкін.

Альварестің допинг-тесттен өтпей қалуы Головкиннің де жоспарына әсер етті, ол 5 мамырда жекпе-жек өткізуге ниеттеніп отыр, бірақ әлі күнге дейін қарсылас табылған жоқ. Головкиннің келесі кездесуінің тағдыры да NSAC тыңдалымымен байланысты болып тұр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети