"Канело" Флойд Мейвезерді реванш өткізуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Флойд Мейвезерді реванш өткізуге шақырды © Bad Left Hook

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес бес салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, жеңіліп көрмеген америкалық Флойд Мейвезерді реванш өткізуге шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ол дайын болғанда мен жекпе-жектен жалтақтамаймын. Қазір мүлде басқа боксшымын, енді мен "А"санатындағы боксшымын. (...) Бұл кездесу екеуіміз үшін де жақсы тәжірибе болар еді. Бірінші кездесуіміз адамды тым зеріктіретін жекпе-жек болды. Екінші жекпе-жек өткізу үшін екеумізге біраз жұмыс істеу керек", - деді Альварес USA TODAY Sports басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, боксшылар 2013 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста кездесу өткізген болатын. Судьялардың шешімімен Мейвезер жеңіске жеткен еді. Альварес ол кезде 23 жаста болатын, бұл оның карьерасында алғашқы жеңіліс. Соңғы кездесуін Альварес 15 қыркүйекте Геннадий Головкинмен өткізіп, судьялардың шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети