Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) өзінің промоутері Оскар Де Ла Хойя, Golden Boy Promotions компаниясы мен DAZN стриминг қызметіне қарсы Лос-Анджелестің Федерал сотына арыз қалдырған болатын. Боксшы шығынды 280 миллион долларға бағалап отыр.

Атап айтқанда "Канело" сотқа бергендерді 2020 жылы бірде бір жекпе-жек өткізе алмағанына кінәлі деп отыр. Осыған байланысты мексикалық басқа платформаларда, өзге де промоутерлердің шоуына қатысу құқын алмақ, - деп жазады Vesti.kz.
Алайда Альваресте DAZN платформасымен тікелей келісімшарт жоқ екен. Келісім Golden Boy мен DAZN арасында жасалған. Енді мексикалыққа промоутер мен платформа арасындағы бенефициар екенін дәлелдеу қажет. Алайда бұл заңнамалық тұрғыда өте қиын.
Арызда Альварес GBP компаниясының шоуларын DAZN қасақана өткізбей қойғанын, осы себепті боксшы келісімде көрсетілген ақшасын ала алмай отырғанын айтқан.
Бұл таяқтың бір ұшы Golden Boy компаниясына да тиіп отыр. Компания DAZN платформасына Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жекке уәде берген. Ал бұл туралы "Канелоға" ескертілмеген екен.
Ендігіде айыпталушы тарапта "Канело" шағымына жауап беру үшін 30 күн уақыт бар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!