© WBC
WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес Әмір Ханды жеңгеннен кейін Головкинмен кездесуге дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес Әмір Ханды жеңгеннен кейін Головкинмен кездесуге дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен оны шаршы алаңға шақырамын. Жекпе-жекті Мексикада өткізейік. Мен бұл өмірде ешкімнен қорықпаймын", - деді ол.
Басылымның мәліметінше, Головкин өз кезегінде Альварестің шақыруын қабылдап, жекпе-жекке дайын екенін жазды.
Еске салайық, Альварес пен Хан арасындағы жекпе-жек 8 мамыр күні таңертең болған еді. Мексикалық боксшы Әмір Ханды алтыншы раундта нокаутқа түсірді.