Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO бойынша өнер көрсететін әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF және IBO чемпионы, бұрынғы қарсыласы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мексикалық боксшыдан қазақстандық спортшы туралы ойлағанда, бірінші есіне не түсетінін сұрады.
"Ұлы боксшы", - деп жауап берді Канело Brian Caunter-мен Last Stand Podcast-ында.
Головкинге немесе Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жектің қайсысы тәжірибе жағынан ең жақсы болды деген сұраққа Альварес тек біреуін таңдай алмайтынын, әр жекпе-жекте бір нәрсе үйренгенін айтты.
Еске салайық, Альварес Головкинмен екі рет кездесу өткізген. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте тең нәтижемен аяқталып, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетіп, Головкин алғаш рет жеңілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!