"Канело" Головкинге тіл тигізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Головкинге тіл тигізді © REUTERS

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тіл тигізді, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тіл тигізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Кеше Головкин маңызды мәлімдеме жасаған еді, оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар, ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады. Сондай-ақ, бірінші жекпе-жекте тең түсті деп шешім шығарғандарды түрмеге қамау керегін айтқан.

Осыдан кейін Альварес жаттығу кезінде түсірілген видеоны Instagram арқылы жариялады, ол видеоның астына балағат сөздер жазған. Екі хабарлама да Golden Boy промоутерлік компаниясының парақшасында қайталанды, ол компанияның президенті Эрик Гомес бұған дейін Головкинге сес көрсеткен болатын.

Наурыздың басында Альварестің өз отанында екі рет тест тапсырып, кленбутеролдың табылғаны анықталды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп түсіндірді. Одан кейінгі үш допинг-тесттен "Канело" өткен болатын.  

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети