"Канело" Головкинмен араз екенін мойындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес In Depth with Graham Bensinger бағдарламасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен бақталастығы екінші жекпе-жегі алдында жеке араздыққа ұласқанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес In Depth with Graham Bensinger бағдарламасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен бақталастығы екінші жекпе-жегі алдында жеке араздыққа ұласқанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мұның бәрі 2018 жылдың ақпанында, "Канело" тыйым салынған кленбутерол препаратына екі рет допинг-сынама тапсырып, оң нәтиже көрсеткен кезде басталған. Нәтижесінде мексикалық бокстан алты айға шеттетілген. Бұл олардың мамырдағы жекпе-жегін төрт айға кешіктірді. Қыркүйекте Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Головкинге мансабындағы алғашқы жеңілісін әкелді.

"Менде өте қиын кезең болды. Өйткені мені допинг қабылдады деп айыптады. Бірақ ол допинг емес еді. Пайызы (мөлшері) өте төмен болды. Мұнда (Мексикада) барлық ет құрамында кленбутерол бар. Егер ондай етті жеп, кейін тест тапсырсаңыз, онда ол кленбутеролға оң нәтиже көрсетеді. Бірақ ол допинг емес. Бірақ мен әрқашан жеңіске жетуім керек екенін есіме түсірдім. Бұл мен үшін ең жаман жыл болып басталып, ең жақсысы жыл ретінде аяқталды", - деп Boxingscene.com сайты Канелоның сөзінен дерек келтірілген.

Альварес сол кезде Головкиннің допинг-жанжалға қатысты пікірлері қатты ашуландырғанын мойындады.

"Мен сол кезде: "Мен жай ғана оның тас-талқанын шығарамын" дедім. Әрқашан қарсыластарыма сыйластықпен қарайтынмын, өйткені ортада сыйлы болу керек деп санаймын. Бірақ Головкин сабақ бергім келгендердің бірі болды", - деді Канело.

Мексикалық спортшы ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін айтты. "Кленбутерол стероид емес. Мен стероидтерді қабылдаған жоқпын. Сол жағдайдан кейін, олар денеде аз мөлшерде кленбутерол болуын заңды етті. Себебі бұл жиі болады. Көп жанкүйер мен тілші әлі күнге дейін қанша айтса да түсінбейді. Олар әлі кінәлап жүр. Сондықтан оларға түсіндіруге ешқашан тырыспады", - деді Альварес.

Айта кетейік, Головкин Канеломен екі рет жұдырықтасқан болатын: бірінші жекпе-жек (2017 жылдың қыркүйегінде) тепе-тең есеппен аяқталса, екінші жекпе-жек (2018 жылдың қыркүйегінде) мексикалықтың жеңісімен аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro