"Канело" Головкинмен реванш алдында бірінші допинг-тесттен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Головкинмен реванш алдында бірінші допинг-тесттен өтті "Канело" Альварес. © boxingscene.com

"Канело" Головкинмен реванш өткізу туралы келісім жарияланғаннан кейін бірінші допинг-тест тапсырды, - деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Головкинмен реванш өткізу туралы келісім жарияланғаннан кейін бірінші допинг-тест тапсырды, - деп хабарлады Vesti.kz.

Спорт порталының хабарлауынша, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг-тесттен сәтті өткен. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мәлімдеді.

"WBC жаңа ғана VADA-дан "Канелоның" 13 шілдеде тапсырған допинг-тестінің есебін алды. Нәтижесі теріс", - деп жазды Сулейман Тwitter парақшасында.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда мексикалық боксшы допинг сынамасын тапсырып, екі рет оның қан құрамынан кленбутерол препараты табылған еді. Оның командасы бұзылған еттің себебінен осындай жағдайға душар болдық деп ақталды. Альварес 5 мамырға белгіленген жекпе-жектен бас тартып, бокстан алты айға шеттелді.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Осыдан бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, өзара мықтыны анықтай алмаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети