"Канело" Головкиннің басты қателігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Головкиннің басты қателігін айтты © boxingscene.com

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жек алдында үлкен қателікке бой алдыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жек алдында үлкен қателікке бой алдыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар осыдан бірнеше жыл бұрын шаршы алаңда бейресми түрде кездескен, олар Калифорнияда спарринг-сессияларын өткізген. "Канелоның" айтуынша, Головкин сол жаттығулар арқылы өз қарсыласының шамасын білдім деген ойдан аулақ болуы тиіс, себебі оны тосын сый күтіп тұр. 

"Егер олар бұрынғы менің қатысуыммен өткен жаттығуларды ескере отырып дайындалса, бұл үлкен қателік. Мен олардың бұл кездесудің не үшін айтып жүргенін білмеймін, бірақ бұл кездесу шынымен болды және олар осыны негізгі стратегия ретінде қолданатын болса, ол маған ұтымды. Бірнеше жыл бұрын Головкинмен жұдырықтасқан жігітпен менің айырмашылығым жер мен көктей. Мен өз жаттығуымда қателікке жол бермеймін, қарсыласты тура бағалаймын: мен оның панчер екенін жақсы білемін, себебі бұрындары кездескенмін. Мен осыған дайындалып жатырмын", - деді Альварес Boxingscene.com порталына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети