1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Канело" жеңген жоқ". Әлемнің экс-чемпионы Альваресті Головкинмен трилогия өткізуге шақырды

  • 1
© Reuters © Reuters

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Рэй Манчинидің айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы текетірес тарихын жабуға болмайды, себебі бұл бәсекеде айқын нүкте қойылмаған, - деп хабарлайды vRinge.com

Оның пікірінше, GGG-ді сенімді жеңбесе, мексикалық боксшы Р4Р көшбасшысы бола алмайды.

"Канелоға" қарсы ештеңем жоқ: он тамаша боксшы, жетістіктері таңғалдырады. Бірақ ол Головкинге қарсы екі жекпе-жекте жеңіске жетпеді деп ойлаймын. Сондықтан тағы біреуі керек. Оның үстіне, ол реванштан кейін бірден болуы қажет еді. Қане, "Канело", GGG-мен үшінші жекпе-жек үшін орал. Оны сұрақ тумайтындай қылып жең, сол кезде рейтингіде екінші, тіпті, бірінші орынға шығасың.

Бәрібір бәрі даулы болды. Үшінші жекпе-жек керек. Неге бас тартады? Бұл Рэй Робинсон мен Джейк Ламотта болғанда, бәрін шешу үшін тез ұйымдастыратын еді", - деді Мачини. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл қыркүйекте өтуі мүмкін болған, бірақ мексикалық боксшы одан бас тартқан еді. Қарашада Альварес ресейлік Сергей Ковалевті нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO титулын иеленген. 

Ал Головкин қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған болатын.