Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші кездесудің өту мүмкіндігіне тоқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімімен тең аяқталып еді. Енді екі боксшы екінші рет 5 мамырда қайта кездеседі. Бірақ жекпе-жектің қайта өтетіні белгісіз. Сондай-ақ екінші кездесудің келісімшартында реванш туралы қарастырылмаған.
"Менің ойымша, қазір боксқа осындай жекпе-жектер жетіспейтін секілді. Барлығы екінші кездесудің қалай өтетініне байланысты болады. Егер "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетсе, ол Головкиннен қашып, үшінші кездесу өтпейді. Бірақ бұл теке-тіреске трилогия керек. Боксқа осындай кездесулер қажет", - деп жазады Boxingtalk.com порталы Абель Санчестің сөзін.
Бұған дейін орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) болса Головкинді алда қиын кездесу күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы жеңіске жету үшін алдымен "Канело", кейін төрешілерді сосын Де Ла Хойяны жеңуі керек екен.