"Канело" - кішкентай сары қорқақ. Головкин соған бола неге басын қатырып жүргенін түсінбеймін - Сондерс

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" - кішкентай сары қорқақ. Головкин соған бола неге басын қатырып жүргенін түсінбеймін - Сондерс Билли Джо Сондерс. © dailystar.co.uk

Орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) мексикандық боксшы Сауль "Канело" Альваресті (48-1-1, 34 KO) сынады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) мексикандық боксшы Сауль "Канело" Альваресті (48-1-1, 34 KO) сынады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

"Мен сіздерге "Канелоның" шын мәнінде кім екенін айтайын. Ол кішкентай сары қорқақ. "Канело" осындай адам. Головкинге белбеуін өз еркімен бергеннен соң GGG-дің Альварестің мазасын ала бергенін түсінбедім. Ол Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді. Тіпті ешкіммен жекпе-жек өткізуге құлшынысы жоқ. Жұдырықтасамын десе қарсыластарының салмағын түсіруін талап етеді. Олар Чавесті ақылға қонбайтын салмаққа түсірді. Альварес Головкинге қарсы 160 фунт салмақта жұдырықтаспайды. "Канело" қалай да болсын кішігірім мұрасын сақтап қалғысы келеді. Алайда жалғыз мұрасын Мейвезер алып қойған. Оның қалтасы толған ақшасы болуы мүмкін, бірақ тарихқа ұлы боксшы ретінде қалмайды", - дейді Сондерс.

Айта кетейік, ұлыбританиялық боксшы осыған дейін Геннадий Головкинге қарсы Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын. 34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети