Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1) BoxingScene басылымына берген сұхбатында ирландиядық Конор МакГрегор америкалық Флойд Мейвезерді (49-0, 26 КО) жеңсе, онымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

"Ғажайып бола қалса, біз келіссөз жүргізуге дайынбыз. Тағы айтамын, ғажайып болса ғана, бірақ Конор Флойдты жеңе алатынына күмәнім бар", - деді Альварес. Айта кетсек, "Канело" мансабында 2013 жылы дәл осы Флойд Мейвезерден жеңіліп қалған болатын.
Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.
Ал 16 қыркүйекте T-Mobile аренасында Сауль Альварес пен Геннадий Головкин (37-0, 34 КО) жұдырықтасады.