"Канело" Ковалевтен жеңіп алған WBO белбеуінен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Ковалевтен жеңіп алған WBO белбеуінен бас тартты Фото fightland.vice.com сайтынан

Мексикалық Сауль Альварес жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық Сауль Альварес жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Рингтегі жетістіктерімнен соң фанаттарым мен елімді мақтаныш кернегенін білемін. WBO-мен қарым-қатынасым бұрыннан жақсы, олардың боксты сақтап қалу және дамыту бойынша жұмысын бағалаймын. Біздің келісіміміз WBO-ға жартылай ауыр салмақта өз титулын тұрақты түрде сарапқа салуға мүмкіндік береді, ал мен кез келген салмақтағы ең үздік қарсыластармен жекпе-жек өткізе аламын", - деп келтірді "Канелоның" сөзін Golden Boy Promotions баспасөз қызметі. 

Альварес 2 қарашада ресейлік Сергей Ковалевті нокаутпен жеңгеннен кейін WBO чемпионы титулын еншілеген еді. Осылайша, мексикалық боксшы карьерасында төртінші салмақ дәрежесін бағындырған. Қазір Альваресте орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулы бар. 

Бұған дейін мексикалық боксшы WBA (Regular) белбеуін бос қалдыратыны хабарланған, оны "Канело" әлі қорғаған жоқ. 

Альварестің келесі жекпе-жегі 2020 жылы мамырда өтуі мүмкін. Мексикалық боксшы кездесу үшін екі салмақ дәрежесінің бірін таңдап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети