11 шілде 2017 10:36

"Канело": Маған Головкиннің титулдары керек емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін жекпе-жектің өзі үшін қаншалықты маңызды екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мойындаймын, Чавеспен жекпе-жек жеке басымның ісі болды, ал Головкин - бұл нағыз кәсіби. Мен осы жекпе-жекте жеңіске жетуді армандаймын. Маған оның титулдары және оның жеңілмегендігі қажет емес. Маған ең бастысы оны ұту. Осы жекпе-жек ең мықты pound-for-pound (салмағына қарамастан) боксшыны анықтайды, мен үшін ең бастысы осы. Кейбір жекпе-жектерді ұйымдастыруға алты-жеті жыл уақыт кетеді, ал біздің кездесуіміз бір жарым жылда іске аспақшы және ол нағыз өз шағында өтеді. Меніңше, барлығы бақытты болуы керек. Головкин агрессив спортшы, ол алға адымдап қарсыласын нокаутқа түсіруді ойлайды. Осы жерде мен өз тәжірибемді көрсетемін, осының өзі біздің кездесуімізді қыздыра түседі", - деді "Канело" Fight Network басылымына берген сұхбатында

Осыған дейін мексикалық боксшы Головкиннің WBC титулы үшін таласпайтынын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети