13 шілде 2017 09:09

Головкин Альвареспен өткізетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындық жаттығуларын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жаттығулар сәтті басталды", - деп жазды Головкин Twitter желісіндегі парақшасында, сонымен қатар ол дәстүр бойынша Калифорниядағы Big Bear жаттығу лагерінде түскен суреттерін жариялады. 

GGG бірінші ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша ресейлік боксшы Мурат Гассиевпен түскен. Оны да Абель Санчес жаттықтырады. 

Осыған дейін Головкин Санчесті дайындаған идеяларын жекпе-жекте іске асыру үшін өзін физикалық мықты қалыпта ұстауы керектігін айтқан болатын.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети