Канело мен Бивол Лас-Вегасқа жетіп, көз арбасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канело мен Бивол Лас-Вегасқа жетіп, көз арбасты ©Boxingscene.com

Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес пен жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол Лас-Вегасқа жетті, олар жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың 12 раундтық жекпе-жегі 7 мамырда өтеді. Боксшылар Биволдың чемпиондық белбеуін сарапқа салады, ресейлік боксшы титулын үшінші рет қорғайын деп тұр.

Еске салайық, Канело жеңіске жетсе, қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездескен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети