Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстадық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы қарымта жекпе-жегінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Тараптар ұзақ келіссөздерден кейін 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізуге келісті. Бокс кешін HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.
"Мұны тойлау керек, келісімге келе алғандығын. Жанжалдар артта қалды, енді назарымызды соған тұрарлық дүниеге - осы жекпе-жекке бұруымыз керек. Екінші жекпе-жек бокс классикасына айналуы мүмкін, өйткені қос боксшының да техникалық деңгейі жоғары және танымал. Алғашқы жекпе-жек сенсация болды, боксшылар бірін-бірі танып, алдағы жекпе-жекте жеңіс үшін қандай амалдар жасау керектігін біліп қалды. Біздің өмірімізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады, ал бұл промоутерлерге үнемі БАҚ назарында және қысым астында жүруге мәжбүрлейді. Кейде бұл шындықты дұрыс қабылдауға да бөгет", - дейді Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.
Головкиннің бапкері Абель Санчест те осылай ойлайды. Оның сөзінше, 15 қыркүйекте GGG "Канелоны" нокаутқа түсіретіндіктен бұл жекпе-жек тарихқа еніп, адамдардың жадында ұзақ сақталады.