"Канело" мен Ковалевтің жекпе-жек өткізетін күні анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©  ringtv.com © ringtv.com

Орта және екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің (33-3-1, 28 KO) жекпе-жегі болуы ықтимал күндер аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орта және екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің (33-3-1, 28 KO) жекпе-жегі болуы ықтимал күндер аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Golden Boy промоутерлік компаниясының және DAZN стриминг платформасының басшылығы Альварес пен Ковалев арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру әрекетін тоқтатпады, - деп мәлімдеді "Чемпионат.сом" BoxingScene сайтына сілтеме жасап.

Бірқатар дереккөздерге сілтеме жасай отырып, басылым бұл жекпе-жек 2019 жылы 19 немесе 26 қазанда өтуі мүмкін деп мәлімдеді. Екі тарап жақын арада жекпе-жекті өткізуге уағдаласса, онда Ковалев Челябинскіде болатын міндетті үміткері Энтони Ярдпен кездесуін кейінге қалдырады. Ұлыбританиялықтың командасында мұндайға алдын ала келісім берілді.

Ал Альвареске келетін болсақ, Ковалевпен келіссөздер сәтсіз өтсе, ол 19 немесе 26 қазанда IBF белбеуіне ресми үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездеседі. Сонымен қатар, DAZN "Канелоның" Ковалевпен немесе қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегін міндетті түрде көргісі келеді, сондықтан Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығамын деп кепілдік берсе ғана ол Деревянченкомен жұдырықтаса алады.

Сонымен қатар, Альварес келесі жекпе-жегін Ковалевке қарсы өткізсе, онда IBF мексикалықты титулынан айырады, себебі ол міндетті жекпе-жектен бас тартып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro