"Канело" қыркүйекте Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" қыркүйекте Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін Фото: roundbyroundboxing.com

Екінші орта салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Каллум Смиттің (27-0, 19 КО) бапкері Джо Галлахер Sky Sports-қа берген сұхбатында мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Каллум Смиттің (27-0, 19 КО) бапкері Джо Галлахер Sky Sports-қа берген сұхбатында мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Альварестің жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасатыны хабарланған. Тараптар 2 мамырда Жапонияда жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр. 

"Канело" Мейвезердің істегенін қайталап жатыр - өзіне ұнайтындармен жұдырықтасып жүр, қалғандары оның қалауын ғана орындайды. Егер "Канело" Муратаны таңдаса, Каллумның көңілі қалады. Билли Джо Сондерс те сол. Бәрі де өз алтын билетін күткен, бірақ ол Муратаның қолына түсті. Мұны Мексикада жақсы қабылдайды деп ойламаймын. Лиам екеуіміз сонда болғанбыз, сол кезде бәрі "Канелоның" Смитпен жұдырықтасқанын қалап жатқан еді. Тіпті, Аризондағы мексикалықтар "Канело" - Каллум жекпе-жегін көргісі келген. Бірақ қыркүйекте оған Каллум не Головкинмен жұдырықтасуы керек болады", - деді Галлахер. 

Айта кетейік, DAZN стриминг сервисі "Канело" мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегін қыркүйекте өткізуді қалап отыр, сондықтан сервис мексикалық боксшыны мамырда Муратамен кездестірмек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети