17 мамыр 2017 10:25

"Канело" сұмдық жылдам, ал Головкин дүлей - промоутер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sport.bigmir.net © sport.bigmir.net

Белгілі промоутер Эдди Хирн 16 қыркүйекке белгіленген қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Белгілі промоутер Эдди Хирн 16 қыркүйекке белгіленген қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Канело" Головкиннен мықты деп ойламаймын. Орта салмақта GGG-ді жеңе алатын боксшы кемде-кем. Альварес - керемет боксшы. Оның Лиам Смитпен жұдырықтасқанын қайта қарап шықтым. Сіздер Смитті мықты деп санамайтындарыңызды білем, бірақ, ол жақсы боксшы. Ең жоғары деңгейде емес, алайда, мықтылығы да бар. 

"Канело" сұмдық жылдам, бірақ Головкиннің дүлей күші бар. Ол шегінер жолыңызды бөгеп, қарсыласын қыса түседі. Ал соққысының күші - мұны енді айтып жеткізе алмайсың", - дейді Хирн FightHub TV арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Хирн Головкиннің 2016 жылы Лондонда өткен Келл Брукпен жекпе-жегін ұйымдастырған. Бесінші раундта Бруктың командасы рингке орамал тастап, жекпе-жек тоқтатылған болатын. Кейін Головкин Бруктің көз ұяшығын сындырып жібергені белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети