"Канело" табысы ең жоғары боксшы - Forbes

08 Маусым 2017, 09:41
0
"Канело" табысы ең жоғары боксшы - Forbes - © SPORTARENA.com
© SPORTARENA.com

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес, қазақстандық Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы Forbes нұсқасы бойынша табысы ең жоғары боксшы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" өткен жылы 28,5 миллион доллар табыс тапты, оның 27 миллионы жалақы мен келісімшарт бойына түрлі бонустар, ал 1,5 миллионы демеушілермен жасалған келісімшарттардан түскен табыс. 

Альварес рейтингте 43-орында тұр. Боксшылардан тізімге Энтони Джошуа (89-орын, 22 миллион) мен Владимир Кличко (98-орын, 21,5 миллион) кіріп отыр. Ал жоғары табысты спортшылардың тізімінде "Реал" сұрмергені Криштиану Роналду тұр.   

Айта кетейік,  "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай