Журналист Рич Чейни Boxing News Results сайтында жариялаған мақаласында Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы басты жұлдызы Сауль "Канело" Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға рұқсат беруі - үлкен қателік болғанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның пікірінше, "Канело" Флойд Мейвезермен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен ұтылған жекпе-жекпен еш ұқсастығы болмайды. Головкин мексикалықты нокаутқа түсіреді, осылайша, Альварестің жоғалтары көп.
"Канело" Головкиннен нокаутпен жеңілсе неден айырыларын көрейік:
- Головкин "Канелоны" нокаутқа түсірген кезде мексикалық жанкүйерлері одан теріс айналады.
- PPV-сатылымдарының түсуі. Жанкүйерлер ақымақ емес, олар енді мексикалықтың Хулио Сезар Чавес, Лиам Смит, Әмір Хан және Джеймс Киркланд сияқты қарсыластармен жекпе-жегін көру үшін ақша төлемейді.
- Бокссүйер жұртшылықтың құрметінен айырылады. Жанкүйерлер нокаутқа түскен боксшыларды қолдамайды. Неге екенін білмеймін, бірақ, солай.
- Жанкүйерлер "Канелоның" орнына Головкин өткізетін жекпе-жектер үшін ақша шығарғанды жөн көретін болады.
Головкинмен жұдырықтасып, "Канело" көп нәрсе жоғалтады. Альварестің жолы болса 12 раундтан кейін төрешілер шешімі бойынша ұтылуы. Осыдан кейін "Канело" биыл наурызда Дэниэл Джейкобс сияқты шағымданады, жылайды, мені тонады деп айтады", - деп жазыпты автор.
Мұның алдында, Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз Головкинге мексикалық боксшыны нокаутпен жеңуі керектігі жайлы айтқан.
Альварес-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Енді жекпе-жек өтетін орынды анықтау ғана қалды.