"Канелоға" Головкиннен жеңіп алған әлем чемпионы белбеуі табысталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канелоға" Головкиннен жеңіп алған әлем чемпионы белбеуі табысталды © instagram.com/goldenboyboxing

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Алвареске Дүниежүзілік бокс кеңесіне (WBC) сәйкес орташа салмақтағы әлем чемпионы белбеуі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Алвареске Дүниежүзілік бокс кеңесіне (WBC) сәйкес орташа салмақтағы әлем чемпионы белбеуі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 

Салтанатты рәсім Мехикодағы (Мексика) Соумай музейінде өтті. Альварес ұйымның президенті Маурисио Сулейман және мексикалық миллиардер Карлос Слимнің қолынан WBC-дің арнайы белбеуін алды. 


© boxingscene.com

Альварес бұл белбеулерге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен болған реваншта жеңіске жеткеннен кейін ие болды. Олардың екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша "Канело" жеңіс тойлады. 

Бұл Головкин үшін карьерасындағы бірінші жеңіліс болды, ол WBC, WBA (Super) және IBO орташа салмақ дәрежесіндегі чемпион титулынан айырылды. Белбеуінің барлығы мексикалық боксшыға берілді. Алайда, кейінірек Альварес IBO белдеуінен айырылды, себебі ол санкция ақысын төлеуден бас тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети