"Канелоға" қауіп төндіріп тұрған боксшы жеңіліп көрмеген қазақстандықпен жекпе-жекке шығады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канелоға" қауіп төндіріп тұрған боксшы жеңіліп көрмеген қазақстандықпен жекпе-жекке шығады Instagram/canelo

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Дэвид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы чемпиондық жекпе-жектің жеңімпазы америкалық Дэвид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) жекпе-жекке шығуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық пен кубалық боксшылар келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес жекпе-жектің жеңімпазы Бенавидеске қарсы титулды қорғайды.

Айта кетейік, Бенавидес екінші орта салмақтағы қауіпті боксшы. Сарапшылардың айтуынша, ол супер орта салмақтағы сөзсіз әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) қауіп төндіреді.

Еске салайық, 5 қарашада Миннеаполисте (АҚШ) Моррелл WBA титулын қорғау үшін Ербосынұлымен жекпе-жекке шығады. Екі жақтың тарапы бұл жекпе-жекті өткізу үшін бір жыл бойы келіссөз жүргізген.

Ербосынұлы былтыр күзде Астанада гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпаған. Көктемде қазақ боксшысы "Канелоның" спарринг-серіктес ролінде болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети