Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен Сауль "Канело" Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайында өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен Сауль "Канело" Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайында өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
"Бокс жанкүйері ретінде Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек биыл өтеді деген үміттемін. Ал Геннадийдің бапкері ретінде Том Леффлер не ұсынатынына қарауым керек және оның Билли Джо Сондерс болғанын күтемін. "Канеломен" жекпе-жек - бокс әлемінде барлығы тағатсыздана күтіп отырған ірі оқиға. Рингке шықпай тұрып, мұнымен ештеңе істей алмаймын", - дейді Санчес On The Ropes Boxing Radio берген сұхбатында.
Сонымен қатар, бапкер Головкиннің алдағы жоспарлары туралы және Джейкобспен қарымта кездесу жайлы айтып берген еді.