Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес 5 мамырға жоспарланған кездесуден бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сұхбат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы TalkSport.com спорт сайтының редакторы Майкл Бенсон Twitter желісінде былай деп жазды: "Головкин" "Канело" реванштан бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сөйледі: "Өтінемін, "Канелоны" ұмытыңыздар. "Канело" - ешкім емес".
Еске салайық, 4 сәуірге қараған түні баспасөз мәслихаты өтіп, онда Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы мексикалықтың ресми түрде бас тартуына байланысты 5 мамырға белгіленген жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеген еді. Алайда Головкин 5 мамырда әйтеуір кездесу өткізетінін айтқан болатын. Қазіргі уақытта кездесудің Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетіні белгілі. Алайда қарсыласы белгісіз қалып отыр.