18 қараша 2021 | 09:30

Канелоның бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің бапкері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің бапкері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Эдди Рейносо Канелоның Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуіне қарсы емес екенін растады.

"Жекпе-жек Мексикада болғанын қалаймын. Бұл жекпе-жекті Гвадалахарада немесе Мехикода өткізе аламыз. Головкин Канелоның есімін атаған жоқ, желтоқсанда Жапонияда Муратаға қарсы жекпе-жегі жоспарланған. Онда не болатынын көрейік, мүмкін (осыдан кейін) Канело - Головкиннің үшінші жекпе-жегін өткіземіз", - дейді жаттықтырушы Эдди Рейносо.

Реклама
Реклама

Бұған дейін IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA супер чемпионы жапон Риота Муратамен жекпе-жекке келіскені хабарланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная