Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) Оскар Де Ла Хойя бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) айналасында болып жатқан жағдайға қатысты ойын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Екі тарап 2010 жылдан бастап жұмыс істеген. Головкин өз шешімін кәсіби деңгейін арттыру ниетімен түсіндірді. Ал Санчес оны "ашкөздік пен сараңдықтың" кесірі дейді.
Промоутердің айтуынша, Головкин мен Санчес қаржыға байланысты жұмысын тоқтатты деген жаңалық ол үшін жаман белгі болған.
"Алты бапкер ауыстырдым, бірақ оның өз себептері болды: кәсібилігімді арттырып, боксымды жақсартып, жаңа нәрсе үйренгім келді. Оның ақшаға ешқашан қатысы болмады. Мен тек өзімді жаңа деңгейге шығаратын бапкер іздеп жүрдім. Бірақ Головкин мұны ақша үшін жасаса, онда ол спорт, жеңіске жету, келесі қадам жасауды емес, бизнесті ойлайды, - деп жазады Yahoo! Sports тілшісі Де Ла Хойя сөзін келтіріп. - Жалпы, мұның бәрі (ақшаны жоғары қою) дұрыс емес. Фокус, менталитет жоғалады. Сен ең үздік болып, тарих жасауды емес, қанша ақша табуды ойлайсың. Мені ақша мазалатқан емес, тек мұра".
Санчестің басшылығымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жетті (19 нокаутпен), бір рет жеңіліс тапты, тағы бірінде тең түсті. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылдың қыркүйегінде "Канелоға" қарсы реванш болған.
Енді Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.