Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады

Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді қолдап бейне ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді қолдап бейне ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Шұбаркөл көмір" АҚ "Орталық" және "Батыс" разрезінде жұмыс істейтін кеншілер танымал жерлестеріне - кәсіпқой бокста чемпион болған Геннадий Головкинге Стив Ролсқа қарсы өткізетін жекпе-жегінде жеңіс тіледі. Сенің соққыларың мың жүз мың текше метр таулы массаның жарылысындай жойқын болсын!" - делінген видеоның сипаттамасында. Қысқа ғана ролик ERG Kazakhstan YouTube-каналында жарияланған. 

Осылайша, жұмысшылар ерекше флешмоб бастады. Олар қазақстандықтарға Головкинді қолдау видеосын түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу кезінде мына хэштегтерді қолдануды ұсынады:#GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе.

Идея авторларының айтуынша, бейне жасауға 300 жұмысшы қатысты. Түсірілім кәсіпорынның өндірістік алаңында өтті. Арнайы ролик үшін кеншілер жарылыс ұйымдастыруды шешті. Оның аумағы - 900 шаршы метрү "12 тонна жарылғыш зат пайдаланылды, ал жарылған тау - кен массасының көлемі 97 мың текше метр болды", - деді кәсіпорын өкілдері. Кеншілер 8 маусымда өтетін кездесуді асыға күтетінін және жерлестерінің жеңісіне сенетінін атап өтті. 

GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети