06 маусым 2020 | 18:00

"Қаржылық тұрғыда жөнсіз". "Канелоның" промоутері Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes телеарнасына берген сұхбатында төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жағдайды айтып берді. Промоутердің сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes телеарнасына берген сұхбатында төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жағдайды айтып берді. Промоутердің сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бес-алты қарсылас бар, ешқайсын есептен шығарып отырған жоқпыз, өйткені бәрі шамалас деңгейде. Кіммен жұдырықтасқысы келерін Сауль өзі шешеді. Әзірге нақты ұсыныс жоқ, тек ықтимал қарсылас қарастырып отырмыз, сондықтан бұл бойынша алып-қашпа әңгімелерде негіз жоқ. Шекаралар жабық, сондықтан адамдар бұрынғыдай жол жүре алмайды. Бұл біз ескеріп отырған тағы бір аспект", - деді Golden Boy президенті. 

Гомеске аталған тізімде орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 36 КО) бар ма деген сұрақ қойылды.

"Жоқ, тізім Головкинсіз жасалған. Мұндай жекпе-жекті көрерменсіз өткізу қаржылық тұрғыда жөнсіз болады. "Канело" мен Головкин арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек Вегаста өте көп көрермен жинай алды. Екеуі де тағы бір жекпе-жекке дайын, бірақ, ол 2021 жылы өтеді", - дейді Гомес. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети