Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) жарақатынан кейін рингке қашан оралатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) жарақатынан кейін рингке қашан оралатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазіргі таңда Жаңабаев Таразда, ол қайтадан жаттыға бастаған көрінеді. Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Нұрсұлтан келесі жекпе-жегін наурызға белгілеп отыр. Қазақстандық жартылай орта дивизионда WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулеріне ие.
Айта кетейік, Жаңабаев 21 желтоқсан Ресейде өткен бокс кешіне он күн қалғанда жарақаттанған болатын. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болу керек еді.
Ал бұл шоудың басты кездесуінде ресейлік Денис Лебедев (32-2, 23 КО) африкалық Табисо Мчунуден (21-5, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңілді. Бұл жекпе-жек андеркартында супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) венесуэлалық Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) нокаутқа түсірді.