ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2019 | 11:49
Қазақ боксшысы 73 жекпе-жекке шыққан ресейлікті нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой бокста екінші рет жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой бокста екінші рет жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ордабаев карьерасындағы екінші жекпе-жегін Ресейдің Каневская станицасында болған "Гладиатор - 5" бокс кешінде өткізді. Қазақстандық боксшы ресейлік Александр Салтыковпен жұдырықтасты, оның жекпе-жекке дейінгі рекорды 12-58-3 (7 КО) болған.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда екінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр.
Ордабаев кәсіпқой бокста алғаш рет қыркүйекте Мәскеуде шығып, беларусьтік Антон Бекишті (5-21-1, 4 КО) екі рет нокдаунға түсіріп, берілуге мәжбүр еткен.
Показать комментарии
Читайте также