Қазақстан Бразилияда өткен бокстан әлем кубогында үш алтын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Бразилияда өткен бокстан әлем кубогында үш алтын жеңді olympic.kz

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing-2025 бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Финалдық сессияға жолдама алған үш отандасымыз да жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing-2025 бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Финалдық сессияға жолдама алған үш отандасымыз да жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кубок иегерлері атанған қазақстандықтар:

Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін),
Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін),
Жазира Орақбаева (51 келіге дейін).
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы (8 ер, 3 әйел – барлығы 11 спортшы) үш алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

World Boxing-2025 турнирінің бұл кезеңі 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтті. Жарысты 2023 жылы құрылған жаңа халықаралық ұйым – World Boxing ұйымдастырды. Бұл федерация бокстың олимпиадалық мәртебесін сақтау мақсатында құрылған болатын және ол 2024 жылы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде мойындауын тоқтатқан Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) балама ретінде құрылды.

Бразилиядағы бұл турнир – Қазақстан құрамасының World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы халықаралық бәсекесі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети