01 маусым 2021 | 09:06

Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль ала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірде-бір алтын медаль жеңіп ала алмады. Командалық есепте командамыз Өзбекстан ғана емес, тағы екі елден қалып қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірде-бір алтын медаль жеңіп ала алмады. Командалық есепте командамыз Өзбекстан ғана емес, тағы екі елден қалып қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшылар Дубайдағы жарыста фаворит саналған, бірақ олардың ешқайсы чемпион атана алмады: бесеуі де финалда жеңілді. Моңғолия 100 пайыздық нәтиже көрсетті - үш финал және үш "алтын".

49 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовтен жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Абылайхан Жүсіпов 69 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды.

Қарсыласын нокдаунға түсірген Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) да төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Василий Левит (91 келіге дейін) те құрлықтық турнирлердегі жеңіс сериясын ұзарта алмады.

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) өзбекстандық Баходир Жалоловқа есе жіберіп, тағы бір финал жеңіліспен аяқталды.

2021 жылғы Азия чемпионатының жалпы есебі:

Өзбекстан - 6-1-3.
Моңғолия - 3-0-2.
Үндістан - 1-2-2.
Қазақстан - 0-5-1.
Иран - 0-2-2.
Қырғызстан - 0-0-4.
Филиппин - 0-0-3.
Тәжікстан - 0-0-2.
Кувейт - 0-0-1.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында мүмкін болған он алтын медальдің сегізін иеленген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети