14 сәуір 2015 | 09:51

Қазақстанда кәсіпқой бокстың жаңа жұлдызы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vk.com/romanzhailauov @Vk.com/romanzhailauov

20 жастағы қазақстандық боксшы Роман Жайлауов кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісін тойлады. 13 сәуірде өткен кездесуде ол оңтүстік-африкалық Уиллис Балойиді жеңді. 6 раундтан тұрған жекпе-жек Йоханнесбургте (ОАР) өтті. Бұл туралы Golden Gloves промеутерлік компаниясының басшысы Родни Берман Twitter парақшасында жазды.


Иконка комментария блок соц сети

20 жастағы қазақстандық боксшы Роман Жайлауов кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісін тойлады. 13 сәуірде өткен кездесуде ол оңтүстік-африкалық Уиллис Балойиді жеңді. 6 раундтан тұрған жекпе-жек Йоханнесбургте (ОАР) өтті. Бұл туралы Golden Gloves промеутерлік компаниясының басшысы Родни Берман Twitter парақшасында жазды.

Роман кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Айта кетейік, кешегі өткен жекпе-жекке дейін Golden Gloves компаниясы қазақстандық боксшымен келісімшартқа отырды. Компания өкілдері Романды әлемдік деңгейге шығарып, оның кәсіпқой мега-боксшы болатынына сеніп отыр.

Осыған дейін Родни Берман Жайлауовтың Геннадий Головкиннің жетістігіне жете алатынын айтқан.

Айта кетейік, Роман Шымкентте туған, қазір Астана қаласында тұрады. Ол 66,7 киллораммға дейінгі салмақта сынға түсіп жүр. Қазір Роман WBC (WBC Asian Boxing Council) және Паназиаттық боксшылар ассоциациясы (PABA) тұжырымының чемпиондық титулына ие.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети