Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин елімізде үлкен бір бокс кешін ұйымдастырғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин елімізде үлкен бір бокс кешін ұйымдастырғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.
"Мен Қазақстанда үлкен бір жекпе-жек өткізгім келеді. Барлығы да осыны қалайтын сияқты. Бұл менің елім үшін маңызды, әрине, менің бокстағы салатын ізім үшін де. Маған чемпиондық атақтарды біріктіретін үлкен жекпе-жектер, аты белгілі қарсыластар керек. Мен алда "Канеломен" жұдырықтасамын. Соңғы белбеу үшін жекпе-жекті Қазақстанда өткізе алармын", - дейді Головкин.
Еске салайық, 7 маусымда Головкин Қарағандыда өзінің аты берілген спорт кешенінің ашылу салтанатында болған еді. Қазақстандағы сапары кезінде боксшы өкіл болып келетін Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Шілденің ортасында боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear базасында жаттығу лагерін бастайды. Ал 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.