Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов титулдық кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов титулдық кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оған бос тұрған белбеуге талас жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуарес қарсылас болды. Кездесу Канаданың Монреаль қаласындағы бокс кешінде өтіп, 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ төртінші раундта аяқталды.
Мексикалық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуды ұйғарды. Осының нәтижесінде қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша "жастар" чемпионы атанды.
Осы жекпе-жектен соң Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 сатыға көтерілді (201-ден 85-орынға). Оның қарсыласы 103-орында тұрған еді, алайда тізе бүккен мексикалық 103 сатыға төмендеп, 206-орыннан көрінді.
BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақ бойынша бүкіл әлемнен 1 850 спортшы бар, онда WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (32-0, 26 КО) көш бастап тұр. Қазақстандықтардың арасында Ахмедов екінші болып келе жатыр, себебі оның алдында Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) бар, ол желтоқсанда өңірлік WBC Asia титулын иеленіп, 80-орынға жайғасқан еді.
Айта кетейік, таяуда Ахмедовтің жекпе-жегінің толық видеосы пайда болған еді.
Еске салайық, Жастар арасында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы атанды.
Бір қызығы, ұйымдастырушылар бастапқыда қазақстандық өнер көрсететін орта дивизионда өтетінін мәлімдеген.
Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр. Ол 2018 жылы дебют жасап, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын.
Ал әуесқой бокста Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management атты канадалық промоутерлік компания қорғайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram