Лондондағы Головкин - Брук жекпе-жегінде болған қазақстандық азамат аренада қандай көңіл-күйдің болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондондағы Головкин - Брук жекпе-жегінде болған қазақстандық азамат аренада қандай көңіл-күйдің болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Каирдың айтуынша, Геннадий Головкинның жанкүйерлері мен жалпы қазақстандықтар ұлыбританиялықтардың Головкин мен Келл Брук кездесуінде қатты шулап кеткеніне наразылық танытып жатыр. Алайда Каирдың айтуынша, ұлыбританиялықтардың қазақстандықтар мен Головкинге деген көзқарасы жақсы. Олар тек өздерінің отандасын қолдамақшы болған екен.
"Стадионда жақсы көңіл-күймен отырдық. Барлығы ұлыбританиялықтардың жекпе-жек кезінде ысқырып, қатты шулап кеткеніне наразы болып жатыр. Менің қасымда ұлыбританиялықтар отырды, олар өте ақкөңіл. Олар сонда маған былай деген еді: "Барлығымыз Генаның жеңетінін білеміз, біз енді не болса да отандасымызға қолдау көрсетейік". Жалпы бокс кеші жақсы өтті. Өмірімде бірінші рет осындай жекпе-жекті көрдім", - деді Каир.
Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.