Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов Рено қаласында (Невада штаты, АҚШ) кәсіби деңгейде дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов Рено қаласында (Невада штаты, АҚШ) кәсіби деңгейде дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
Порталдың хабарлауынша, Рахманқұловтың қарсыласы 29 жастағы америкалық Ноэль Эскуэда (8-4-2, 6КО) болған.
"24 жастағы Рахманқұлов бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Қазақстандық боксшы өткен жылы күзде Окснард қаласына (Калифорния штаты) барып, Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уәлихановпен бірге жаттыққан болатын", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Сағадат әуесқойлық мәнсабын 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткізді. Ол Қазақстан чемпионы (2013) және турнирдің күміс жүлдегері болды (2014).