Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) шаршы алаңға тек желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) шаршы алаңға тек желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшы визамен қиындықтар туындауына байланысты мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаса алмайтын болды. Бұл бокс кеші 2 қараша Лас-Вегастағы MGM аренасында өтеді деп жоспарланған.
Айдос Ербосынұлы соңғы рет 14 тамызда Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған. Осы жеңісі арқылы ол WBА үздік үштікке енді.