Қазақстандық боксшы Альвареспен өткізген спаррингі жайлы айтып берді

19 Шілде 2017, 12:39
0
Қазақстандық боксшы Альвареспен өткізген спаррингі жайлы айтып берді - © instagram.com/bobirzhan_mominov
© instagram.com/bobirzhan_mominov

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (3-0, 3 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канеломен" таңғажайып спарринг бірінші спарринг өткіздім. Өзімді тамаша сезінемін. "Канело" өз қалпын дұрыстап жатыр. Біз тарихтың бір бөлігіміз. Осында болғаныма қуаныштымын", - деп жазды Момынов Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Момынов орта салмақта өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де нокаутпен жеңді. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай