ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2019 | 11:44
Қазақстандық боксшы аргентиналықты нокаутқа түсірді
Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров аргентиналық Сезар Рейносоны техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров аргентиналық Сезар Рейносоны техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласында өтті. Онда басты кездесуде Батыр Жүкембаев пен мексикалық Хильберто Меса жұдырықтасады.
Сабыров - Рейносо жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген. Алтыншы үш минутта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, ал жетінші кезеңде ол аргентиналықты соққының астына алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
25 жастағы Сабыров осылайша тоғызыншы жекпе-жегінде (сегіз нокаут) тоғызыншы рет жеңіске жетті. Ал 32 жастағы Рейносо болса 12-ші рет жеңіліске ұшырады, ол бұрындары 15 кездесуде жеңімпаз атанып, төрт кездесуде қарсыласымен тең түскен.
Сабыров 2018 жылы алғаш рет кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсетті. Жүкембаев секілді ол барлық жекпе-жегін Канадада өткізді, себебі оның мүддесін жергілікті Eye of the Tiger Management промоутерлік компания жүргізеді.
Показать комментарии
Читайте также